Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов

    Қостанай облысында полицейді кек алу үшін өлтірген тұрғын өмір бойына сотталды

    Қостанай облысында полицейді кек алу үшін өлтірген тұрғын өмір бойына сотталды

    Фото: Pixabay.com

    Полицейді кек алу мақсатында өлтірген Қостанай облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында бұрын сотталған ер адам Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерінің үйіне келгенін күтіп тұрған. Бұрын полицей ер адамның қылмыстық ісін тергеген екен. Оның қызметі мен кәсіби борышына байланысты кек алу мақсатында ер адам оның өмірлік маңызды мүшелеріне көптеген пышақ жарақаттарын салған. Полицей оқиға орнында мерт болды. Одан кейін қылмыс ізін жасыру мақсатында оның денесін үйдің ауласына жасырып, полицей мен оның үйіндегілерге тиесілі заттар мен азық-түліктерді ұрлап, қашып кеткен.

    Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 2 және 5-тармақтарында көзделген ”Қасақана адам өлтіру, қызметтiк әрекеттердi орындаған, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын адамды ерекше қатыгездiкпен өлтіру” және 188-бабының 1-бөлігі “Ұрлық” бойынша іс қозғалды.

    “Сот анықталған мән-жайларды, жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ кінәлінің жеке басын ескере отырып, сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын төтенше қауіпсіздік жүйесінің мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың  5 миллион теңге азаматтық талап арызын қанағаттандырды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →