Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр

    Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті сотталды

    Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті сотталды

    Қызылорда қаласының №2 сотында оқушы қызды қорқыту арқылы секс құлдыққа тарту бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Сотта белгілі болғандай, сотталушы «масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын» деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесіндегі 35 000 теңгені қорқытып тартып алған.

    Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

    «Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – делінген сот хабарламасында.

    Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас).

    Нәтижесінде сот сотталушыға  4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →