Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР ҚАҚ АЙЫРЫЛҒАНДАЙ: ТҰРҒЫНДАР «ҚҰЛАП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚОРҚЫП ОТЫР • Семейде тұрғындар батпаққа батып жүр: екі көшенің қиылысындағы жол мәселесі қашан шешіледі? • Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР ҚАҚ АЙЫРЫЛҒАНДАЙ: ТҰРҒЫНДАР «ҚҰЛАП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚОРҚЫП ОТЫР • Семейде тұрғындар батпаққа батып жүр: екі көшенің қиылысындағы жол мәселесі қашан шешіледі? • Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ •

    Ташкенттен Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

    Ташкенттен Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

    Ташкенттен Астанаға бағыт алған жолаушылар автобусы Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы кезінде бұзылып, жолда қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Жолаушылардың құтқарылғанын облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Ауа райының күрт өзгеруі көптеген адамды жолда қалдырды. Ташкенттен Астанаға бара жатқан автобустың жолаушылары да күтпеген жерден жолда қалды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

    Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан 10 шақырым жерде болды. Жол жиегінде тұрған автобусқа аудандық полиция қызметкерлері көмекке келді.

    Олар жақын маңдағы елді мекенге 13 жолаушыны, сондай-ақ екі жүргізушіні эвакуациялады. Құтқарылған адамдарды тәртіп сақшылары ыстық тамақпен, уақытша жылы баспанамен қамтамасыз етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →