Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті •

    Ерлан Қошанов Мәжіліс спикері қызметінде қалды

    VIII сайланған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің  алғашқы жалпы отырысында Мәжілістің спикері сайланды, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Депутаттар Мәжіліс төрағасының кандидатурасына Ерлан Қошановты ұсынды. Осылайша, Мәжіліс төрағасына бір ғана кандидат ұсынылды. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Ерлан Қошанов енгізілді.

    Санақ комиссиясының хатшысы Наталья Дементьева Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс берудің тәртібі туралы айтты. Артынша депутаттарға бюллетеньдер таратылып берді. Олар ұсынылған кандидатты қолдап немесе қарсы болып дауыс береді. Белгіленбеген бюллетеньдер жарамсыз болып саналды. Дауыс беруге 20 минут берілді.

    Санақ комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжан Мәжіліс төрағасын жасырын сайлаудың нәтижесін жариялады.

    «Дауыс беру үшін депутаттарға 98 бюллетень берілді. Жақтағандар  — 98, қарсы болғандар- жоқ. Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша Ерлан Қошановқа дауыс берудің хаттамасы ұсынылды», — деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →