Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр •

    Теміртауда тәрбиеші балабақшаға ішімдік ішіп алып барған

    Теміртауда тәрбиеші балабақшаға ішімдік ішіп алып барған

    Теміртауда балабақшаға мас күйінде келген тәрбиеші мен мекеме директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы «Патриот» порталына сілтеме жасап.

    30 қыркүйекте «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші жұмысқа мас күйінде келіп, балаларға агрессия көрсеткен. Кейін тәрбиешінің жұмысқа мас келгені туралы ақпарат полицейлерге анонимді түрде хабарланған. Ата-аналардың біреуі полицияға қоңырау шалған болуы мүмкін.

    Шақыртудан соң полицейлер сигнал бойынша келіп, тәрбиешіні медициналық куәландыруға алып кетті. Одан орташа дәрежедегі мастық деңгейі анықталды.

    Ата-аналар келесі күні балабақшаға келіп, мас тәрбиешінің балаларға қалай қарағанын көру үшін бейнекамералардан жазбаларды сұратты. Кадрларда тәрбиешінің өзін ұстай алмай тұрғанын көрген. Ол балалардың қолынан сүйреп, киімдерін лақтырған. Видеода полицейлердің кіріп, оны ғимараттан қалай алып кеткені де көруге болады. Алайда бұл үзіндіні ата-аналарға бейнежазбадан көшіруге рұқсат етілмеді.

    Теміртаудың білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Халипа Жаудинова қызметтік тергеу аяқталғанын хабарлады.

    «Сараптама көрсеткендей, тәрбиеші балабақшада мас күйінде болған. Ол өзінің түсіндірмесінде жексенбіде қандай да бір іс-шарада болғанын, сол жерде сусын ішкенін жазды. Ал дүйсенбіде жұмысқа келген», – деді Теміртаудың бас педагогы Халипа Жаудинова.

    Балабақша асханасында алкоголь табылған жоқ.

    «Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша тәрбиеші педагогикалық этиканы өрескел бұзғаны үшін теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, балабақша директорының міндетін атқарушы қызметінен босатылды», – деді Теміртау білім бөлімінің басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →