Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр •

    Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

    Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

    Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті.

    — Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →