Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады •

    Сарбаз Ербаян Мұхтардың миын жартылай алып тастаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс ашылды

    Сарбаз Ербаян Мұхтардың миын жартылай алып тастаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс ашылды

    Әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы сарбаздың адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді.

    «Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні негізгі қылмыстық істен бөлек, дәрігерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Бұл іс бойынша да сараптама тағайындалды. Біз де негізгі іс бойынша сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сіздердің қолдауларыңызбен әділдікті талап ете береміз», — деп жазды Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды.

    Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. 27 қыркүйек күні сарбаз Түркияға емделуге жіберілген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →