Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды •

    «Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ»: Нұрлан Қоянбаев бюджеттің ақшасын шашқан спорт саласын сынады

    «Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ»: Нұрлан Қоянбаев бюджеттің ақшасын шашқан спорт саласын сынады

    Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсетпейтін, үнемі жеңіліс табатын спорт салаларына тоқталды.

    Өнер иесі мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команданың ойындары нәтижесіз екенін айтты.

    “Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашынды кинопродюсер. 

    Еске салайық, министр футбол мен хоккейге бөлінетін бюджет қысқаратынын мәлімдеген еді.

    «Бізде футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер бар. Ол жерде де қазір дене шынықтыру және спорт бағытындағы заңнамамен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде біз қазір лимиттер мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 1-2 миллиардтан асырмау мәселесі бар. Бірақ көп өңірлер ол шектеуді бұзады. Сондықтан біз қазір футболға, хоккейге қандай бюджеттік лимиттер орнатамыз деп қарап жатырмыз», – деген еді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →