Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Шымкентте астан уланған оқушылар ауруханаға түсті

    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 12 оқушысы Шымкенттегі олимпиададан  кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.

    Орталықтың  мәліметінше, 21 наурыз күні кешкісін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының олимпиадасына қатысып жатқан  904 баланың 12-сінде температураның жоғарылауымен, ішек-асқазан жолдарының функциясының бұзылуымен байланысты ауру белгілері пайда болған.

    «Жедел жәрдем» дәрігерлерінің қарауынан кейін балаларды Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

    «Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың себептерін анықтайды. Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті осы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс тобы әр сұрақты мұқият зерттейді. Жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында», — делінген хабарламада.

    Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша вице-министр Шолпан Каринова, орта білім комитеті төрағасының орынбасары және балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →