Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды •

    «Немереңізді құтқарамыз»: Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 17 млн теңгесін ұстатып жіберген

    «Немереңізді құтқарамыз»: Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 17 млн теңгесін ұстатып жіберген

    Ақмола облысында алаяқтар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, қарияны алдап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алаяқтар «немереңіз жол-көлік апатына түсті, немеріңіз кінәлі» деп, жазадан құтқару үшін көмек көрсететіндерін айтқан.

    «Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Қорыққан кейуана немересіне көмектесу үшін алаяқтардың бар айтқанына келіскен. Шығын сомасы 17 млн теңге. Ол ақшаны зейнеткер мен үлкен балалары жылдар бойы жинаған», — деп хабарлады полиция.

    Зейнеткерден ақшаны курьер алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысқаны анықталды.

    Полиция басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазір басқа күдіктілер анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →