Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды •

    25 мәйіт табылды: Бангкокта оқушылар мұғалімдерімен бірге автобуста тірідей жанып кетті

    25 мәйіт табылды: Бангкокта оқушылар мұғалімдерімен бірге автобуста тірідей жанып кетті

    Таиландта мұғалімдер мен оқушылар мінген екі қабатты автобус өртеніп кетті. Соның салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Белгілі болғаны, Бангкоктың шетінде оқушылар мен мұғалімдер мінген мектеп автобусы экскурсия кезінде өртеніп кеткен. Онда 38 бала мен 6 мұғалім болған. Болжам бойынша, 44 адамның 25-і көз жұмған. Көлік министрі Сурья Хуангроонгруангкиттің айтуынша, тағы 16 бала мен 3 мұғалім ауруханаға жеткізілген.

    Өртенген автобус табиғи газбен жүретін көлік түрі екен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    — Мұғалімдер өрттің тез басталғанын айтты. Кейбір оқушы терезеден шығып, аман қалған. Қазір барлығын тексеріп жатырмыз, тіпті автобус компаниясының салғырттығы болуы мүмкін деген болжам бар, – дейді полиция бастығының міндетін атқарушы Киттират Фан Пхет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →