Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты •

    Жалған лауазымға адамдарды алған: Қостанайда шенеунік 7 жылға сотталуы мүмкін

    Жалған лауазымға адамдарды алған: Қостанайда шенеунік 7 жылға сотталуы мүмкін

    Қостанайда әлеуметтік орталықтың директорына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2017 жылдың қазанынан 2024 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдарды түрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталған.

    «Жұмыспен қамтылғандар жұмыс орындарына іс жүзінде бармаған әрі функционалдық міндеттерін орындамаған, ал басшы олардың шоттарына жалақы түрінде түскен қаражатты иемденген. Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 11 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2)-тармақшасы бойынша сараланған («Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызмет бабын пайдалана отырып, iрi мөлшерде жымқыруы»), – делінген прокуратура хабарламасында.

    Аталған баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →