Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады •

    Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: Қазақстанның өзге аймақтарында мектеп асханаларын тексеру басталып кетті

    Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: Қазақстанның өзге аймақтарында мектеп асханаларын тексеру басталып кетті

    Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануынан соң енді Қазақстанның өзге аймақтарында мектеп асханаларына тексеру жүргізіліп жатыр.

    Фото: freepik.com

    Мектеп асханаларының санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріледі. Тек Ақтөбе облысының өзінде 400-ден астам мектепті инспекциялау жоспарланып отыр. Бақылаушылар өнімнің сапасы мен қызметкерлердің санитарлық кітапшаларын қарайды.

    Бірінші аптада-ақ өнімді дұрыс сақтамау, мерзімі өткендерді пайдалану сияқты фактілер анықталған.

    Бұл тексеру Маңғыстау облысында балалардың жаппай улануынан кейін басталды. Онда оқушылар санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты ауырған еді. Асханадағы кран құбырынан ішек бактериялары табылған. Ал асхана қызметкерлерінен стафилококк пен бактериялық дизентерия анықталды.

    Бүгінде Ақтөбе мектептерінде балалардың улану жағдайлары тіркелмеген. Бірақ тексерулер қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

    “Азық-түлік сақтауда бұзушылықтар анықталды, тоңазытқыштарда жарамды мерзімі өткен  өнімдер болды. Өнімнің сертификаттары уақытында берілмеген. Бірнеше мектепте жеткізушілер жұмыс істейді. Сондықтан олар сертификаттарды әрдайым уақытында бере алмайды. Дегенмен бұл құжаттар болуы керек, өйткені оларды мемлекеттен тапсырыс алған кезде көрсетеді”, – деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалған еді. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шеккен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →