Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады •

    ШҚО-да өртенген үйден 3 адамның мәйіті шығарылды

    Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 наурызда Жаңа Бұқтырма кентінде болған.

    Өрт сөндірушілерге хабарласқан куәгерлер бесқабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқандығын айтты.

    Олар оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан.

    Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны әлі анықталмады.

    Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

    «Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды», — делінген ақпаратта.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →