Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Әкім орынбасарлары жұмыс уақытында ішімдікпен ұсталған: жаңа дерек шықты

    Әкім орынбасарлары жұмыс уақытында ішімдікпен ұсталған: жаңа дерек шықты

    Фото: massaget.kz

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты видеоға пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны түсірген видео пайда болған еді. Ол кезде кадрларда бірнеше ер адамның жұмыс уақытында мекемелердің бірінде үстел басында отырғаны көрсетілген. Әйелдің айтуынша, жазбада Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары мен Алматы облысы депутаттарының бірі түсірілген, деп жазады Massaget.kz.

    Жария болғаннан кейін іске Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері араласқан. Олар аудан әкімдігі қызметкерлерінің әрекеті мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарын бұзу ретінде қарастырылғанын хабарлады.

    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарын бұзғаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты тәртіптік іс қозғалды және қызметтік тергеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижелер Жетісу облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралады», — деп хабарлады облыстың Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

    Бұл ретте департамент видеоға түсіп қалған мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін көрсетпеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →