Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Рахат Сәрсеновтің даулы ісі: журналист Руслан Өтепбай тергеу бастады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Рахат Сәрсеновтің даулы ісі: журналист Руслан Өтепбай тергеу бастады

    Депутат Азат Перуашевтың орынбасары ұсталды

    Депутат Азат Перуашевтың орынбасары ұсталды

    Фото: azh.kz

    Мәжіліс депутаты Азат Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат болған, бірақ ол ресми расталмағандықтан, жұма күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдадық. Кеше бізге Васильев ұсталды деген ресми жауап келді. Бізге оның адвокаттарының байланыс деректері берілді. Кеше олармен хабарласуға тырыстық, әзірге олармен байланыса алмадық. Бірақ бүгін немесе ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Ал адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын білеміз. Әзірше қандай бап екені нақтыланған жоқ, — деді депутат.

    Перуашев ресми хат-хабарлардан әлдебір ақпарат тарап кеткен болуы мүмкін екенін айтты.

    Оған емес, Ұлттық гвардияның шенеунігіне «пара алды» деген айып тағылып отыр. Мұнда не туралы айтылып жатқанын түсінуіміз керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүрленген адам қылмыскер болып табылмайды. Пара беруді не алуды кім бастағанын түсіну керек, Васильев пе, әлде ол бопсалаудың құрбаны болды ма, — деп түсіндірді Азат Перуашев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →