Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр

    Жамбыл облысында депутат екі полиция қызметкерін соққыға жыққан (видео)

    Жамбыл облысында депутат екі полиция қызметкерін соққыға жыққан (видео)

    Желіде Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды. 

    Видео “Президентке хат” Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан азаматтық киім киген ер адамның қызметтік киімдегі екі полиция қызметкерін соққығы жығып, балағаттап жатқанын көруге болады.

    “Жамбыл облысы, Меркі аудандық мәслихатының депутаты Алтынбаев Тәуіржан Тараз қалалық полиция басқармасының кезекшілікте жүрген екі қызметкерін соққыға жыққан. Депутаттың ықпалды байланыстарының кесірінен қылмыстық істі бір жыл бойы сотқа жіберу мүмкін болмағаны хабарланды”, – делінген видеоның сипаттамасында.

    Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын растады.

    «Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысты. Қылмыстық іс құқықтық баға беру және одан әрі сотқа жолдау үшін айыптау қорытындысымен Тараз қаласының прокурорына жолданды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →