Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    Оралда әйелінің интимдік суреттерін таратқан тұрғын сотталды

    Оралда әйелінің интимдік суреттерін таратқан тұрғын сотталды

    Орал қалалық сотында ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі (бопсалау) және 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А. аталған баптарға сәйкес айыпты деп танылып, ол 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

    Сот талқысында анықталғанындай, сотталушы А. мен Б. заңды некеде тұрған. Бірге өмір сүрген уақытта Б. Whatsapp мессенджері арқылы күйеуі А-ның өтініші бойынша оған интимдік сипаттағы фотосуретті өз еркімен жіберген.

    «Кейінірек араларындағы келіспеушіліктерді ескере отырып, Б. сотқа некені бұзу туралы арыз берген кезде, оған А. келіспеген. Сөйтіп Б-ны масқара ететін интимдік сипаттағы фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, одан ақша талап ете бастаған. Ақыры А. өзінің ұялы телефонынан Б-ның әкесінің ұялы телефонына, сондай-ақ Whatsapp мессенджеріндегі жалпы топқа одан бұрын алынған интимдік сипаттағы фотосуреттерді жіберген. Осылайша, Б-ның жеке өмірі туралы құпия мәліметтерді оның келісімінсіз таратқан», деп хабарлады ведомстводан.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →