Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді •

    Ресейдің Волгоград қаласында дәрігерлер 27 мың вольт тоқ соққан жігітті аман алып қалған

    Ресейдің Волгоград қаласында дәрігерлер 27 мың вольт тоқ соққан жігітті аман алып қалған

    Волгоград облысы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күйік орталығындағы дәрігерлер мен медбикелер оның өмірі үшін бірнеше ай бойы күрескен. Қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айының басында болған.

    Саратов облысының қырық жастағы тұрғыны Волгоградтағы құрылыс алаңында ауыр жарақат алды: металл конструкцияларын түсіру кезінде ер адамды тоқ соқты.

    — Жүк көліктері келді, баспалдақ марштарын шешіп, сымарқандарды беру керек болды. Мен сымарқанды алып едім, ол кернеулі болған екен. Қатты тоқ соғып, жерге құладым», – деді науқас.

    Емдеуші дәрігер күйік хирургы Игорь Гуриновтың айтуынша, науқас шамамен 27 мың вольт тоқ соққаннан кейін электр жарақатымен өте ауыр жағдайға түсті.

    «Тоқ басынан ішкі мүшелеріне өтіп, аяғынан бір-ақ шыққан. Мұндай жарақат алған адам көп жағдайда тірі қалмайтын еді. Тексеру қорытындысы, соның ішінде КТ бойынша, ішкі ағзалары – жүрек, бүйрек, өкпе, бауырына зақым келіп, екі аяғын қатты күйік шалған. Комбустиологиялық, реанимациялық бригадаларының керемет күш-жігерінің арқасында науқастың жанын сақтап қалдық, бірақ бастапқыда оны құтқара алмаймыз деп ойладық. Алайда, біз мойыған жоқпыз, науқастың өмірі үшін күрес жалғасты», — деп баяндады комбустиология (күйік) бөлімінің меңгерушісі Валерий Татарчевский.

    Науқас бөлімшеде 40 тәулік жатты. Осы уақыт ішінде оған бірнеше күрделі ота жасалды. Оның ішінде пластикалық және реконструктивтік оталар бар. Шілде айының соңына қарай дәрігерлер негізгі қажетті шараларды аяқтап, науқас қалпына келе бастады. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол үйіне шығарылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →