Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    «Қазақстанды таныту»: Туризм министрлігі бір клипті түсіруге бюджеттен 63,1 млн теңге бөлген

    «Қазақстанды таныту»: Туризм министрлігі бір клипті түсіруге бюджеттен 63,1 млн теңге бөлген

    Қазақстан туризмін танымал ету мақсатында министрлік Димаш Құдайбергеннің қатысуымен клип түсіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенсек, Туризм және спорт министрлігі туризмді дамыту бойынша қызметтер үшін биыл 22 шілде күні лот жариялаған.

    Шарттың құны – 63 106 000 млн теңге.

    Мемлекеттік мекеме бір көзден сатып алу әдісі арқылы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен келісім жасасқан. Яғни, әлеуетті өнім беруші ретінде «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы таңдалған.

    Шарттың техникалық сипаттамасында жобаның мақсаты – Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін ТМД, Еуропа және Азия нарықтарында таныту деп көрсетліген.

    «Нәтижесінде YouTube, Facebook, Instagram, Twitter, VK, Weibo және TikTok интернет-ресурстарында 15 000 000 әлеуетті қамтуға қол жеткізіп, Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Қазақстан Республикасының туристік әлеуетін ілгерілету. Жеткізушіге Қазақстанның Димаш Құдайбергеннің әніне бейнеклип түсіруді қамтамасыз ету талап етіледі», — делінген техсипаттамасында.

    Атап айтқанда Димаш Құдайбергеннің клипінде ⁠Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Көлсай көлдері, Ұлттық табиғи парк, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қамтылуға тиіс.

    Сонымен қатар, осы шарт бойынша әзірленген жұмысқа айрықша құқықтар Димаш Құдайбергенге тиесілі екендігі айтылған.

    «Автор (Димаш Құдайберген – ред.) туындыға айрықша емес құқықтарды авторлық құқықты беру туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына береді. Айрықша емес құқықтардың қолданылу мерзімін көрсете отырып, Автор мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі арасында авторлық құқықты беру туралы шарт жасалады», — делінген шарт мәтінінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →