Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты •

    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады

    Абай облысының соты Семейде сот ғимараты алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша мән-жайды жариялады: ол шетел азаматы, жәбірленуші ретінде танылған.

    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады

    Фото: pixabay

    Абай облысының соты Семей қаласында сот ғимаратының алдында өзін өртеп, кейін көз жұмған ер адамға қатысты істің мән-жайын жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Марқұм қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Ол Қазақстанда тұратын шетел азаматы болған.

    Сот мәліметінше, 2020 жылы ер адамның компаниясы лизингтік компаниядан бес жүк көлігін сатып алған, алайда техниканың ақысын толық төлемеген.

    2024 жылы лизингтік компанияның өкілі сот шешімінсіз төрт жүк көлігі мен қосалқы бөлшектерді алып кеткен. Ол да шетел азаматы болған.

    Осы жағдайға байланысты сот лизингтік компания өкілін өз бетінше әрекет жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты босатқан.

    Сонымен қатар сот жүк көліктерін лизингтік компанияға қайтару туралы шешім шығарған. Өйткені техниканы сатып алу келісімшарттары төлемнің толық жүргізілмеуіне байланысты бұған дейін бұзылған.

    Бұдан бөлек, марқұм 19,9 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қойған. Ол бұл қаражатты жоғалған құрал-саймандар мен қосалқы бөлшектерге, сондай-ақ бесінші көлікті жөндеуге жұмсалған шығындарға өтемақы ретінде талап еткен. Бірақ сот дәлелдер жеткіліксіз болғандықтан, талапты қараусыз қалдырған. Сонымен бірге оған бұл мәселе бойынша азаматтық сот тәртібімен қайта жүгінуге құқығы бар екенін түсіндірген.

    Айта кетейік, 30 қазанда сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам облыстық сот ғимаратының алдында өзін өртеген. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →