Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты •

    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті

    Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзбек боксшысы Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтып, ұйымдастырушылардан қомақты гонорар талап етті.

    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті

    Сурет: Видеодан кадр

    Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевпен жұдырықтасуға дайын екенін білдірді. Алайда ол шаршы алаңға шығу үшін ұйымдастырушылардан қомақты қаржы талап етіп отыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    IBA Nomad промоушені боксшының мәлімдемесін жариялады. Елеусінов басқа ұйыммен келісімшарты бар екеніне қарамастан, лайықты гонорар ұсынылса, жекпе-жекке қарсы емес екенін жеткізді.

    «Маған сол жақтан шыққан мына сайқымазақты беріңдер. Басқа келісімшарттарға бас қатырмаймын, жекпе-жекке шығамын. Ең бастысы – қажетті ақшаны төлеңдер», – деді боксшы.

    Бұған дейін Шохжахон Эргашев IBA Nomad лигасынан Данияр Елеусіновпен жұдырықтасу туралы ұсыныс түскенін айтып, бірден келіскенін мәлімдеген еді. Өзбекстандық спортшы Олимпиада чемпионымен кездесуден бас тартпайтынын жеткізді.

    Алайда Елеусінов бұл жағдайға қатысты өз нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, Эргашев бұған дейін онымен жұдырықтасудан бас тартқан. Ал қазір қазақстандық боксшының Zuffa ұйымымен келісімшарты бар екенін біле тұра, жекпе-жекке шығуға дайын екенін жариялап отыр.

    «Басында ол менімен жұдырықтасуға шықпайтынын айтқан. Енді менің Zuffa-мен келісімшартым бар екенін біліп, айқайлап жүр», – деп жазды Елеусінов Instagram Stories парақшасында. Кейін бұл жазбасын өшіріп тастаған.

    Айта кетейік, әзірге екі боксшының кездесуі ресми түрде расталған жоқ. Жекпе-жектің өтетін күні, орны және қаржылық шарттары да жарияланбаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →