Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    CҚО-да бір үйдің адамдарын түгел бауыздаған қылмыскерлердің ісі толық ашылды

    CҚО-да бір үйдің адамдарын түгел бауыздаған қылмыскерлердің ісі толық ашылды

    Тендер үшін отбасы мүшелерін түгел бауыздаған: СҚО-да атышулы істің мән-жайы жарияланды

    СҚО-ның Жұмысшы ауылында 2023 жылдың желтоқсанында бүтін бір отбасы мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын бауыздап өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Social Media-ға сілтеме жасап.

    Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасуда.

    Бұл отбасының іскерлік жерлеу агенттігі болған. Белгісіз адамдар марқұм П.-ның үйіне басып кіріп, оны бауыздаған. Ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдап, олардың үйіне келеді. Сөйтіп, жантүршігерлік қылмыс жайлы полицияға хабарлайды. Отбасының жалғыз мүшесі – қызы ғана тірі қалған, өйткені, қылмыс болған уақытта ол Ресейге туыстарының үйіне кеткен.

    Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Олар — жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметтерін көрсететін 37 жастағы Е. және оның қызметкері — 25 жастағы О., үшінші күдікті — алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге түрткі болды деп айыпталған 42 жастағы С. (Жерлеу қызметін көрсететін Петропавл ЖШС-де директордың орынбасары).

    Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған.

    Белгілі болғаны, бауыздалған ерлі-зайыптылардың иелігіндегі ұйым конкурстық тендерлердің басым бөлігінде жеңген. Яғни, мәйіттерді Петропавлдың медициналық мекемелерінен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге арналған конкурста таңдалған.

    2023 жылдың 27 желтоқсанында Е.және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →