Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Президент Ұлттық банк төрағасын тағайындады Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Президент Ұлттық банк төрағасын тағайындады Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді

    Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен еңбек етіп келген

    Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен еңбек етіп келген

    Тексеруде жұмыстарының нәтижесінде кейбір педагогтардың жоғары білімі туралы дипломдары жалған болып шыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «DIGITАL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «500-ге жуық жоғары білім туралы жалған диплом анықталды. Бұл бағытта құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Жұмыстар жалғасады. Түбіне жететін боламыз. Мектеп ұжымы мен басшыларының арасындағы 16 еңбек дауы Соттар мен Президент Әкімшілігі деңгейіне дейін қаралған. Білім саласындағы кейбір қолы лас қызметкерлері саланы табыс табу көзіне айналдырып, миллиардтаған мемлекет қаржысын талаң-таражға салды. Аталған дерек бойынша бірқатар лазауымды тұлға мен жауапты қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Әлі де тартылатын болады. Қазіргі таңда біз білім саласындағы бухгалтерлік сүйемелдеу жұмысын жүргізетін цифрлық платформаны өзгесіне алмастырдық», — деді Дархан Сатыбалды.

    Сондай-ақ білім беру ұйымдарында 1 383 арттық штат бірліктері анықталғанына тоқталған облыс әкімі бұл бағытта кезең-кезеңімен қысқарту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →