Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    «Алланың қалауымен үйлі болдыңыздар»: Маскадағы адам баспанасын су алған 34 отбасына үй берді

    «Алланың қалауымен үйлі болдыңыздар»: Маскадағы адам баспанасын су алған 34 отбасына үй берді

    Маскадағы белгісіз адам желідегі парақшасында биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана бергені туралы жария етті.

    Видео Instagram желісіндегі Сhelovekvmaskee парақшасында жарияланды.
    «Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар», – дейді видеода жомарт жігіт.

    Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

    «Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», – деді ол.

    Еске салайық, бұған дейін үкімет елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 мыңнан аса отбасыға баспана берілгенін мәлімдеді. Жалпы сомасы 49,3 миллиард теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →