Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Қызылордада сыныптастарынан қорлық көрген қыздың үйіне күзет қойылды

    Қызылордада сыныптастарынан қорлық көрген қыздың үйіне күзет қойылды

    Қызылорда облысында сыныптастарының жезөкшелікке мәжбүрлеуінен жапа шеккен жасөспірім қызға медициналық және психологиялық көмек ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді.

    Тоғанованың айтуынша, оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін ол бірден жәбірленген қызбен және оның анасымен кездескен. Кездесуден кейін қызға үш рет психологпен кеңес ұйымдастырылып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен толық медициналық тексеру жүргізілген.

    Қыздың жағдайын ескере отырып, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, анасы бұл ұсыныстан бас тартты. Осыған байланысты, медициналық көмек үй жағдайында көрсетілуде.

    «Тексерулерден кейін де жасөспірімге бірнеше рет психологиялық қолдау көмектері көрсетілді. Анасының айтуы бойынша, уақытылы алған көмектің нәтижесінде баланың жағдайында оң өзгерістер бар. Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Әрине, барлық іс-әрекеттер мен көмектер анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады. Алдағы кезеңде де мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан барлық көмектер уақытылы жасалатын болады», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →