Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Қызылорда тұрғыны қамауда отырған танысына жаңғаққа есірткі салып өткізбек болған

    Қызылорда тұрғыны қамауда отырған танысына жаңғаққа есірткі салып өткізбек болған

    Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. Дереу “102” нөміріне хабарланып, мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылды.

    Анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалып, сараптама қорытындысымен 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мекемеге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуінің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып жатырмыз. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтарға әкелінген сәлем-сауқатты арнайы құралдармен тексереміз. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында тыйым салынған заттар анықталып отыр, – дейді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен.

    Фото: polisia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →