Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды?

    Қазақстандық әйел несие төлеуге барып, өзінің «қайтыс болғанын» білген (ВИДЕО)

    Қазақстандық әйел несие төлеуге барып, өзінің «қайтыс болғанын» білген (ВИДЕО)

    Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауылының тұрғыны құжат бойынша өлі болып шыққан. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Айболат Бөкенов әлеуметтік желідегі парақшасында Гүлайна Айтасованың оқиғасын бөлісті. Әйел әдеттегідей несие төлемін жасаған кезде ақшасы қайтарылған.

    “Бұл ақшаны қайта аударып жібердім, бірақ ол шоттан алынбайды. Операторларға жүгінгенімде олар: «Сіз 4 шілдеде Астанадағы ауруханада қайтыс болған екенсіз» деді. Маған АХАЖ-ға, салық басқармасына, халыққа қызмет көрсету орталығына бару керегін айтты, осы мәселені шешіп жатырмын. Мен жалақымды алдым, Kaspi есепшоттары ашылды, ауруханаға дәрі-дәрмек алуға бардым, олардың базасында да мен өлілердің қатарында тұрмын. Зейнеткерлікке шыққалы жатырмын, жинаған ақшам не болады, несиені не істеймін, айыппұл бола ма деп алаңдаймын», – дейді әйел.

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жағдайға қатысты түсініктеме берді.

    “4 шілдеде Астанадағы медициналық мекемеде бір әйел қайтыс болды. Медициналық ұйымның қызметкерлері мәліметтер базасына мәліметтерді енгізу кезінде ЖСН-ның бір цифрынан қате жіберген. Деректер базасында Батыс Қазақстан облысының тұрғынының деректері болды. Дәл сол медициналық ұйым базадағы мәліметтерді түзетуге мәжбүр болады», – деп түсіндірді ХҚКО.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →