Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    «Балқаш жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды

    «Балқаш жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды

    Фото: Canva

    «Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі тергеп-тексерді.

    Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.

    Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды.

    Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.

    Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →