Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді 65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді

    Ресейлік спортшы азаматтық алып Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылды

    Ресейлік спортшы азаматтық алып Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылды

    Фото: Quickread.info
    Ресейге салынған санкцияларға байланысты азаматтығын ауыстырған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан ұлттық құрамасының сапына ресми қосылды деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

    Айта кетейік, спортшы қыз биыл Қазақстанның жазғы чемпионатына қатысып, бірінші орын алған еді. Бұл нәтиже оны ұлттық құрамаға мүшелікке алуға негіз болған.

    «Софья Самоделкина Қазақстанның жазғы чемпионатында көрсеткен нәтижесіне байланысты Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің бұйрығымен Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылды», — делінген Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанованың берген ақпаратында.

    Ал, ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасенова Софья Самоделкинаның 18-21 қыркүйек аралығында Түркияда өтетін жасөспірімдер Гран-приіне қатысатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →