Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды •

    Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды

    Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды
    Таразда мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде 10-сынып оқушысын ұрып, ауыр жарақаттаған жасөспірім жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, Жамбыл облысында мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болған төбелеске қатысты резонансты іс бойынша сот процесі аяқталды. Тергеу мен сот талқылауы жеті айға созылған.

    Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты соққы салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алып, көру қабілетінен толық айырылғанын анықтады.

    Сот үкімімен К. есімді жасөспірім кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал зардап шеккен оқушы осы уақытқа дейін жеті рет ота жасатқан. Қазір оның екінші көзінің де көру қабілеті нашарлап барады.

    Бұрын дәрігер болуды армандаған жасөспірім қазір күйзеліске түскен. Анасы Зухра Каримова ұлына жасалған әрекетті кешіре алмайтынын айтады. Оның пікірінше, шабуылға бірнеше адам қатысқандықтан, олардың барлығы жауапқа тартылуы керек.

    Әрине, мен апелляциялық шағым түсіремін. Әрі қарай да барлық қатысушыны жазалауды талап етемін. Иә, бәрін де. Өйткені бұл топ болып жасалған шабуыл еді. Біз мұны басынан бері айтып келеміз, мұны бәрі біледі. Сондықтан қалғандары да жазалануы керек деп есептеймін, – деді оқушының анасы.

    Осы уақытқа дейін үйқамақта болған сотталған жасөспірімді сот залынан қолына кісен салып алып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, ол жылағанымен, кінәсін тек ішінара мойындаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →