Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Қазақстанға келе алмайды

    Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Қазақстанға келе алмайды

    Фото: Виталий Белоусов / РИА Новости

    Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті өтеді. Жиынға Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен. Жапон метеорология агенттігі тағы қатты жер сілкінуі мүмкін деп ескертті.

    Осыған байланысты Жапония премьер-министрі Астанадағы іс-шараларға қатысудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Japan Times басылымы мәлім етті.

    Айта кетейік, зілзала кезінде елде бірнеше адам ауыр жарақат алған, сондай-ақ ғимараттарға зақым келген. Ішкі рейстер, темір жол, көлік қатынасына шектеу қойылған. Билік апатқа қарсы күресті күшейтуге тапсырма берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →