Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды •

    Атырау облысында ірі компания мемлекетке 670 млн теңге залал келтірген

    Атырау облысында ірі компания мемлекетке 670 млн теңге залал келтірген

    Атырау облысындағы ірі компания жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейтін болды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 млн 237 мың 248 текше метр шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.

    — Компания «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзған. Көмірсутектерді өндіру кезінде оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер қолданылу қажет, – делінген прокуратура хабарламасында.

    Қадағалау актісінің негізінде мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы мемлекетке келтірілген залал мөлшерін есептеді. Залал көлемі 673 млн 130 мың 278 теңге болды.

    Компания бүгінде ерікті түрде 285 млн теңге төледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →