Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды – Мырзағали Айтжанов

    Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды – Мырзағали Айтжанов
    Фото: Сали СабировБокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасын қорытындылап, шағын сұхбат берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге  іліге алмай қалды. Париждегі ойындарда бізге алтын бұйырмады. Бірақ жігіттерге еш реніш жоқ. Көпшілік сынағандай шаршамады, барын салды. Ешкім де жеңісті қолдан бермеді.

    Бұл Олимпиада бәрімізге сабақ болатыны анық. Осымен екінші Олимпиадада алтынсыз қалып отырмыз. Бірақ мен қазақ боксының жеңісті дәстүрге қайта  оралып, аяққа нық тұрарына сенемін.

    Финалға келер болсақ, иә, Александр Хижняк толассыз шабуыл жасады. Бірақ оның соққыларының соңы ғана тиді Нұрбекке. Ал дәл әрі  таза соққыларды біздің жігіт тигізді. Оны қайталаудан да көрген шығарсыздар», — деді Мырзағали Айтжанов.

    Айта кетелік, Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасынан күміс медаль жеңіп алды. 80 келідегі Нұрбек Оралбай елге күміспен оралады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →