Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды •

    Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың саны өсті

    Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың саны өсті

    Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апаты туралы тың ақпарат шықты. Көлікте тағы екі баланың болғаны анықталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақтөбедегі жол апаты кезінде қаза тапқан оқушы саны 5-ке жетті, деп хабарлайды kaz.inform.kz.

    — Бүгін таңертең Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен Toyota-Ipsum автокөлігі соқтығысып, 6 адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Қазіргі кезде көлік салонынан тағы екі баланың денесі шығарылды. Нәтижесінде апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты. Жол апаты болған жерде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр жатыр,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    Айта кетейік, оқиға орнына бүгін ғана тағайындалған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан мен облыстық білім басқармасының мамандары да кетті.

    «Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бірнеше жерлесіміз марқұм болды. Арасында жас жеткіншектер, кәмелетке толмаған балалар да бар. Алдын ала мәліметтерге қарағанда балалар жеке ұйымның шақыртуымен ата-аналарымен бірге көрші облыста ұйымдастырылған жарысқа шыққан. Жарыс облыстық білім басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кестесінде жоқ. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барша марқұмдардың отбасына, ата-аналарына көңіл айтамыз,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →