Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді •

    Алматыға Олимпиада жүлдегерлері оралды

    Алматыға Олимпиада жүлдегерлері оралды

    Фото: BAQ.KZ

    Елімізге тарихи жеңіс сыйлаған спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының «күміс» жүлде иегері Нариман Құрбанов пен нысана көздеуден араға 28 жыл салып, «қола» жүлдеге ие болған қос отандасымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев елге оралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Барша қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды.

    Естеріңізге салсақ, Нариман Құрбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

    Ал, нысана көздеуден ел қоржынына сонау 1996 жылдан бері алғашқы жүлдені сыйлаған отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасының «қола» жүлде жеңіп алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →