Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әскери атақ берілді

    Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әскери атақ берілді
    Фото: Қорғаныс министрлігі

    Бүгін таңертең жазғы Олимпиада ойындарында тамаша өнер көрсеткен дзюдодан Қазақстан құрамасы Парижден оралды. Команда құрамында қазақстандық дзюдошы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

    Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы — аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

    Оны ағайынды егіздерге Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тапсыратынын айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дзюдошы Гусман Қырғызбаев Сербиядан келген спортшы Страхинья Бунчичті жеңіп, үшінші орын үшін күресте қола медаль жеңіп алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →