Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды •

    Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды

    Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды

    Фото: скриншот

    Алматы мен Түркістан облыстарында ломбард қызметін жүргізуге құқығы болмаса да, азаматтарға қарыз беріп келген ұйым анықталды. Тергеу дерегінше, күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан табысы 146 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұған дейін «Альби-Ломбард» ЖШС микроқаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың тізілімінен шығарылып, ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылған. Алайда компания атауын «Альби-КМ» ЖШС деп өзгертіп, жұмысын жалғастырған.

    Ломбардтар негізінен базарлар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан. Олар клиенттерді тарту үшін кепілге қойылған бұйымдарға көп ақша төлейтінін айтып, қарыз алудың несие тарихына әсер етпейтінін хабарлаған.

    Тергеу мәліметінше, қарыздар күніне 2 пайыздық өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген тәулігіне 0,3 пайыздық шекті мөлшерлемеден алты есеге артық. Қарыз шарттары бұрынғы «Альби-Ломбард» ЖШС-нің мөрі басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол және күдіктілердің бақылауындағы банк шоттары арқылы жүргізілген.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу аясында күдікті әйелдің мүлкіне сот санкциясымен тыйым салынды. Олардың қатарында 21 пәтер, бес жер телімі, жеті автокөлік, жеті гараж, екі дүкен және қонақүй бар.

    Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →