Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді •

    Дзюдошы Кәмила Берліқаш Париж төрінде монгол балуанынан жеңіліп қалды

    Дзюдошы Кәмила Берліқаш Париж төрінде монгол балуанынан жеңіліп қалды

    Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды. Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды.

    Адиясурэн Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Биыл Гонконгта өткен Азия чемпионатының финалына шығып, қарсыласқа есе жіберген.

    Париж Олимпиадасында жекелей сында 8 дзюдошымыз күресіп, 2 жүлдеге қол жеткізді. Елдос Сметов (60 кг) елімізге алғашқы алтынды сыйласа, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.

    Енді Қазақстан құрамасы ертең командалық сайыста жүлдеге таласады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →