Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті •

    Сұмдық! Қостанайда 12-13 жастағы ұлдар көршісінің 5 жасар қызын зорлаған

    Сұмдық! Қостанайда 12-13 жастағы ұлдар көршісінің 5 жасар қызын зорлаған

    Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген.

    Оқиға 6 шілде күні болған. Анасы қызына велосипед сатып алып, тосынсый жасайды. Көршісі екеуі велосипедті жинап жатқанда, таныс көршінің баласы қызды үйдің артына алып кетеді. Анасы қызының сыртқа шығып кеткенін байқап, іздей бастайды. Кейіннен үсті-басы кір-кір, шашы дода-дода, ойыншық салынған қабын сүйретіп келе жатқан қызын көреді. Қатты қорқып кеткен анасы не болғанын түсінбей, қызына ұрысып тастайды. Алайда бұл әрекеті үшін кейіннен ол қатты өкінген.

    «Қыз тұйықталып, бірден болған оқиға туралы айтпаған. Барлық шындық 20 шілде күні анықталды. Қыз атасына басынан өткен жағдайды түгел айтып береді. Осыдан кейін полицияға арыз берілді. Белгілі болғандай, қызды алыс жерге апарып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қарсыласқан және айқайлаған балаға екі бала күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Осылайша қыз жантүршігерлік әрекеттердің құрбаны болды», — делінген хабарламада.

    Агрессорлардың ата-аналары, яғни жасы 8, 12 және 13-тегі ұлдардың ата-аналары, жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінеді. Полицейлер бірқатар сараптамалар тағайындап, жауап алды. Балалар кінәсін мойындап, тергеуге мемлекеттік адвокат пен мектеп психологы тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →