Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты •

    «Kaspi Gold» арқылы ақша жинаған мектеп басшылығы сотталып жатыр

    «Kaspi Gold» арқылы ақша жинаған мектеп басшылығы сотталып жатыр

    Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

    Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

    “Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды”,  – деп жазылған хабарламада.

    Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

    “Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →