Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты •

    Қазақстандықтарға МӘМС жарналары қайтарылды

    Қазақстандықтарға МӘМС жарналары қайтарылды

    Фото: Baq.kz

    Ақмола облысы прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын аудару барысында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Ақмола облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйін талдады. Нәтижесінде жұмыс берушілер көп балалы аналардан (алты және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған), мүгедектігі бар адамдардан және күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерден негізсіз МӘМС жарналарын ұстап қалғаны анықталды. Бұл азаматтар жарналарды төлеуден босатылған», — деп мәлімдеді Ақмола облысы прокуратурасы.

    Бір жағдайда көп балалы анадан жұмыс беруші 31 243 теңгені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударған. Басқа жағдайда мүгедектігі бар адамнан 82 306 теңге мөлшерінде жарна ұсталған.

    Прокуратураның араласуы нәтижесінде 436 жеңілдікті санаттағы азаматтарға заңсыз ұсталған қаражат қайтарылды. Қайтарылған жалпы сома 60 миллион теңгеден асты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →