Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    «Қайрат» футбол клубының капитаны командадан кетті

    «Қайрат» футбол клубының капитаны командадан кетті

    Алмтылық «Қайрат» футбол клубының капитаны, ресейлік футболшы Виктор Васин командадан кетті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі «Қайраттың» ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Виктор Васин алматылық командаға 2022 жылдың басында қосылған еді. Футболшы «cары-қаралар» сапында 68 матч өткізіп, 4 гол соққан. Оның клубпен келісімшарты өзара келісім бойынша бұзылды.

    «Ол әріптестерін шабыттандырып, бізді қиын сәттерде қолдап, ойында әрқашан 100% беріліп ойнайтын. «Қайрат» футбол клубының үлкен ұжымы Викторға адалдығына, еңбекқорлығы мен кәсібилігіне шын жүректен алғыс айтады! Оған амандық тілей отырып, оның барлық бастамасы сәтті болсын дейміз!», — делінген клубтың мәлімдесінде.

    Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының кестесінде 22 ұпаймен 3-орында келеді.

    Фото: fckairat.com 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →