Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? •

    Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды

    Ұлан ауданында полицейлер екі бас ұсақ мал ұрлығын ашып, 240 мың теңге шығынды анықтады. Күдіктілерге келу туралы міндеттеме қолданылды.

    Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды

    Сурет: Polisia.kz

    Ұлан ауданындағы бір ауылда полицейлер түрлі тұрғындарға тиесілі екі бас ұсақ малдың ұрлығын әшкереледі. Жалпы келтірілген шығын 240 мың теңгеге жетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала деректерге сүйенсек, күдіктілер материалдық пайда табу мақсатында ұрлық жасауға алдын ала келіскен. «Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары Ұлан ауданы бағытынан келе жатқан көлікті тоқтатты. Автокөліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды.

    Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі процестік бұлтартпау шарасы тағайындалды.

    Полиция мал ұрлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мал иелері жануарлардың және оларды ұстау орындарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →