Студенттер жатақханасы өртенді: Өскемен әкімдігі қауіпсіздікті қашан қадағалайды?
Фото: видеодан скрин
Өскеменде студенттер тұратын жатақханадан өрт шығып, жастар шұғыл эвакуацияланды. Оқиға 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі ғимараттың тоғызыншы қабатында болған.
Құтқарушылар келгенде бөлменің терезесінен жалын шығып жатқан. Өрт 16 шаршы метр аумақты шарпығанымен, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда бұл жағдай студенттер тұратын ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі қаншалықты қадағаланып отыр деген сұрақ туғызады. Өскемен әкімдігі мен жауапты мекемелер жатақханалардың қауіпсіздігін тек төтенше жағдай болғанда ғана тексере ме?
Видео: @vko_kz24
