Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды •

    Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді

    Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді

    Фото: gov.kz

    Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарар порталы. 

    Салтанатты рәсім барысында Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли әлем чемпионатының туын Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) қайтарды. Өз кезегінде, IJF Бас хатшысы Лиза Аллан Туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке салтанатпен табыстады.

    Дзюдодан келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7–14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Аталған дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс. Әлемнің үздік дзюдошылары Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.

    Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев әлем чемпионатына дайындық барысында жарысты ұйымдастыруға және ұлттық құраманың дайындығына басымдық берілетінін айтты.

    «Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу – халықаралық спорт қауымдастығының елімізге білдірген сенімінің көрінісі. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – жарысты Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай өткізу және ұлттық құраманың дайындығын қамтамасыз ету.

    Үйде, жанкүйерлер алдында белдесу спортшыларымыз үшін маңызды сынақ болмақ. Сондықтан олардың жаттығуына, халықаралық жарыстарға қатысуына және ел намысын абыроймен қорғауы үшін қажетті жағдай жасауға көңіл бөлеміз. Алдағы чемпионат елдегі дзюдоның дамуына тағы да үлкен серпін береді деп сенеміз», – деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

    Осылайша, 2027 жылы дзюдодан әлем біріншілігі араға 12 жыл салып қайтадан Қазақстанда өтеді. Осыған дейін 2015 жылы Астана қаласында әлем біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, 2023–2026 жылдар аралығында Қазақстан төрт жыл қатарынан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген, Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесінде маңызды рөл атқаратын беделді Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирін өткізді.

    Осындай жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстардың Қазақстанда тұрақты түрде ұйымдастырылуы еліміздің әлемдік дзюдо аренасындағы беделін, ірі халықаралық спорттық іс-шараларды қабылдауға дайын екенін білдіреді.

    Айта кетерлігі,  Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов (-60 кг) финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →