Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады •

    Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

    Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 15 сатыға көтеріліп, 3263 ұпаймен 9-орынға жайғасты.

    Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

    Сурет: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған әлемдік рейтингінде алғаш рет үздік ондыққа кірді. 60 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз бірден 15 сатыға көтеріліп, 3263 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мұндай өсім Давлатовтың Бакуде өткен әлем чемпионатындағы жарқын нәтижесінің арқасы. Ол аталған додада финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы әзірбайжандық Ахмад Юсифовке есе жіберіп, 60 келі салмақта әлем біріншілігінің күміс медалін иеленді.

    Биылғы маусымда Шерзод Давлатов бірнеше халықаралық жарыста тұрақты нәтиже көрсетті. Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде алса, Прагадағы European Open жарысында чемпион атанды.

    Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы сапында әлемдік рейтингте ең жоғары тұрған дзюдошы – 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар. Ол 7-орында, ал Давлатов 9-сатыда тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →