Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    Олимпиадада жеңіске жеткен жеңіл атлеттерге алғаш рет сыйақы тағайындалмақ

    Олимпиадада жеңіске жеткен жеңіл атлеттерге алғаш рет сыйақы тағайындалмақ

    Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен жеңіл атлеттер тұңғыш рет World Athletics тарапынан 50 000$ көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл бастаманы биыл алғаш рет әлемдік жеңіл атлетика ұйымы қолға алып отыр. Аталған ұйымның бастамасымен Олимпиада ойындарында 48 дисциплинаның бірінде жеңіске жеткен әрбір атлет World Athletics тарапынан 50 000$ көлемінде сыйақы алады, деп жазады kaz.inform.kz.

    Айта кетейік, Олимпиада ойындарында ең көп жүлде жиынтығы да осы жеңіл атлеттер арасында ойнатылады. Олардың арасында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшыларымыз да бар.

    Құрамадағы тәжірибиелі спортшылардың қатарында Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова, әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая, 2022 жылғы әлем чемпионы Нора Джеруто, Азия ойындарының қола жүлдегері Дэйзи Джепкемей бар.

    Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

    Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Фото: Olympic.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →