Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жаңа оқу жылына орай жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтіледі Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Алматыда жаңа оқу жылына орай жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтіледі Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды

    Тағы бір адам кене шағып қайтыс болды

    Тағы бір адам кене шағып қайтыс болды

    Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.

    «Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді», — деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

    Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.

    «Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді», — деді басқарма басшысы.

    Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.

    Фото: depositphotos.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →