Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады

    «Соңғы рет өзбекстандық жігітімен сөйлескен»: Алматы облысында 16 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

    «Соңғы рет өзбекстандық жігітімен сөйлескен»: Алматы облысында 16 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

    Фото: Айкүмістің әпкесі Айданадан

    Алматы облысында 16 жастағы жасөсіпірім қыз үш күннен бері табылмай жатыр. Ол дүкенге балмұздақ әкелемін деп шыққаннан із-түссіз жоғалған. Жақындары кейіннен оның өзбекстандық жігіті болғанын және соңғы рет сол адаммен байланысқа шыққанын жеткізді. Алайда полицейлер қызды әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жоғалған жасөспірім Айкүміс Қуатбектің әпкесі Айдана сіңлісінің жағдайына алаңдаулы. Айтуынша үш күннен бері қыздан еш хабар жоқ, деп жазады Stan.kz.

    “14 шілде күні дүкенге балмұздақ алып келемін деп шығып кеткен. Содан оны ешкім көрмепті. Достарынан да сұрап көрдік. Жоғалғаннан кейін 2 сағаттан соң полицияға хабарластық. Кейін оның өзбекстандық жігіті болғанын білдік. Алайда ол жігітті танымаймыз да. Соңғы рет сол жігітпен сөйлескен. Егер алып қашқан болса, ендігі хабар бермейтін бе еді? Әлі табылмай жатыр, алаңдап отырмыз”, – деді әпкесі Айдана.

    Айкүміс 14 шілде күні сағат 17:00-дерде Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Әубәкіров 13 көшесіндегі үйінен шығып кеткен.

    Жеке белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі толықтау, шашы қара, иығынан асады, көзі қоңыр. Қыздың үстінде қара сұрғылт жейде мен қара шалбар болған.

    Айкүмістің жақындары егер оны көрген адамдар болса, мына номерге хабарласуды сұрайды:

    8 701 375 92 91

    8 705 105 31 31

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →